ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

«Заңнан да, Құдайдан да қорықпады» - Алик Шпекбаев пандемия кезінде ақша ұрлау туралы

Елімізде пандемиямен байланысты 100 қылмыстық іс тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Әлем коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан уақытта қазақстандық шенеуніктер мен топ-менеджерлер азаматтарға бөлінген ақшаны ұрлап жатты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Пандемия кезінде халық билікке үміт артып, қамқорлық пен көмек күтіп отырғанда кейбір арсыз шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, лауазымын «қалтасын толтыруға» пайдаланып, жүйелі түрде пара алып, бюджет қаржысын жымқырды. Менің ойымша, өз халқының қайғы-қасіреті арқылы баю – сатқындық пен адам өлтіруге тең!» – деді Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.

Пандемиямен байланысты 100 қылмыстық іс тіркелді, оның жартысына жуығы – дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты жымқыру. Антикор басшысының айтуынша, 2 млрд теңгеден астам сомаға қымбат бағаға 132 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алу фактілерінің жолы кесілді. 

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы бойынша, барлық өңірде волонтерлер мен қоғам белсенділерінің арнайы топтары мың жарым мониторинг жасап, 10 мың дәріхана, медициналық мекемелер мен қоймаларды қамтыды, гуманитарлық көмекті соңғы алушыға дейін жеткізді.

«Қысқа мерзімде «СК-Фармация» мен Медициналық сақтандыру қорының қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне терең талдау жасау – олардың ішкі бизнес процестерінің барынша ашылуына ықпал етті. Пандемия әлі де жалғасуда. Сондықтан біздің мақсатымыз – коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаражатын одан әрі қадағалау және қоғамдық бақылауға азаматтарды бұрынғыдан да көбірек жұмылдыру», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан