$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2021, 03:26
Қоғам

Қазақстандағы кәсіпорындардың 40%-ы табысын жасырады

Бұл – Дүниежүзілік банк өкілдерінің мәліметі

 

Қазақстандағы кәсіпорындардың 40%-ы табысын жасырады
Көрнекі сурет

Қазақстандағы кәсіпорындардың 40%-ы табысын жасырады. Бұл – Дүниежүзілік банк өкілдерінің мәліметі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовтың де пікірі осыған саяды. Былтыр елде табысын жасырған 73 ұйым тіркелді. Әрқайсының қаржы айналымы бір миллион теңгеге жуықтаған. Қазіргі уақытта олардың қызметі тоқтатылды.

Президент Үкімет отырысында көлеңкелі экономикамен күресу үшін жаңа агенттік құруды тапсырған еді. Сол арқылы алдағы 4 жылда көлеңкелі экономиканың үлесі 15 пайызға азаюы тиіс.

«Қарапайым азамат салығын төлеп отырады, ал басқалары одан қашады, декларацияны көрсетпейді. Ол қазір керек. Конституцияда заңдарды орындау және салық төлеу деген екі міндетіміз атап көрсетілген. Тағы бір мәселе – бізде ашықтық жоқ», - деді Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов.

Серіктес жаңалықтары