Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барды
Қазақстан президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекіт жазушы Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында президент Сооронбай Жээнбековпен бірге қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың музей-үйіне барды.
Қазақстан президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.
Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан президенті Шыңғыс Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды.
Мемлекет басшысына Бішкек қаласында Шыңғыс Айтматов атындағы мәдени орталық ашылатыны туралы айтылды.
Экскурсия соңында мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.