ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты 3 бірдей басшы сотталды

Жамбыл облысының табиғи ресурстар саласының бірқатар басшылары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасынан

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін күдікті болған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, олар алдын-ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал аумағында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан, «Шыңбота» ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 млн 221 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын аударғаны үшін күдікті болған.

25 қараша күні Тараз қаласының №2 сотының шешімімен аталған тұлғалар айыпты деп танылды.

М.М.Заурбековке – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;

Н.Д.Нұрмолдаевқа – лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандығы үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды; 

Н.С.Солтаевқа – бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін иемдену және талан-таражға салғаны үшін мемлекеттік қызметке арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету саласында мемлекеттік сатып алумен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.