Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде қатты жел соғып, боран болады
Қазақстанның жеті облысында 20 қаңтар дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
20 қаңтарджа Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз бұрқасын соғады, тұман басады, желдің екпіні 15 м/с болады.
20 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
20 қаңтарда Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасындатады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні – 18 м/с.
20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжануда. Петропавл қаласында да бұрқасын соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
20 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман және жел болады (15-20 м/с).
20 қаңтарда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында – көктайғақ.
20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, бұрқасындатады. Орал қаласында да тұман және бұрқасын болжанып отыр.