ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Оқу жылы басталғалы ШҚО-да мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырды

Олардың 970-і қауіпті індеттен жазылып шыққан

көрнекі фото

Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың 18 қаңтары аралығында 1037 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде, кезекші сыныптарда оқитын 217 оқушы, қашықтан білім алып жатқан 820 оқушыдан анықталды. 18 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, 1 037 оқушының 970-і қауіпті індеттен жазылып, оқуын жалғастырып жатыр.

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімімен сәйкес, облыста оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді.

Одан бөлек, сыныптағы бала санын 15-тен асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптардың ашылуына рұқсат етілді.

Бітіруші сынып оқушылары үшін (9, 11 (12) аптаның 6 күні ішінде аралас оқу форматы қолданылады: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқу форматында жүзеге асырылады.