19.01.2021, 15:38
Қоғам
Шет елдерден 132 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келді
Кеше Қазақстанға 6 халықаралық әуе рейсімен 878 жолаушы келді
көрнекі фото
18 қаңтарда Қазақстан аумағына Италия, Мальдив, БАӘ, Түркия, Беларусь елдерінен 6 халықаралық әуе рейсімен 878 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама 746 жолаушыда болса, қалған 132-сі анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 3 рейс (558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз – 115);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз – 17);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 17 қаңтарда тиісті анықтамасыз ұшып келген барлық 588 Қазақстан азаматынан коронавирус анықталған жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады