ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Павлодар облысында күйеуінен қорлық көрген 4300 әйел бар

Облыс орталығында әйеліне күш көрсеткен 1350 азамат жауапкершілікке тартылыпты

Биыл Павлодар облысында әйелдерге қатысты күш көрсетудің 2,5 мыңнан астам дерегі тіркелген деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Жалпы, аймақта күйеуінен қорлық көрген жалпы саны 4300 әйел бар. Отбасылық дау-жанжалдың болдырмау мақсатында өңірлерде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Шараның мақсаты – нәзік жандарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау және ажырасудың алдың алу.

Шара аясында семинар-кездесулер өткізіліп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Акция кезінде учаскелік полицейлер құқық бұзушылық жасауға бейім тұрғындардың тұрғылықты жерін, сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасыларды тексеруге алады.

«Бір ғана Павлодар қаласында биыл 3,5 мыңнан астам арыз түскен. 1350 азамат жауапкершілікке тартылды. Ал, осынау акция биыл алғаш рет өтіп жатқан жоқ. 1999 жылдан бері 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында біз белсенді жұмыс істеп, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықпен күресеміз», - дейді Павлодар қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Нұрғали Омарбеков.