$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 12:18
Қоғам

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданын алдағы 5 жылда қандай өзгерістер күтеді

28 ауылда сумен жабдықтау объектілері мен желілерін салу жоспарланған 

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданын алдағы 5 жылда қандай өзгерістер күтеді

«Nur Otan» партиясынан депутаттыққа кандидат Жанна Штергер онлайн режимде Zoom платформасы арқылы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.  Бейнеконференция барысында кандидат Бұқар Жырау ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. 

«Бес жыл ішінде ауданда (Бұқар Жырау ауданында – ред.) өндірісті дамыту есебінен 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Жеңілдетілген кредит беру және микрокредит беру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілетін болады. 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы айналымына 25,2 мың га жерді тартуды қамтамасыз ету, ірі қара мал санын 80 мың басқа дейін ұлғайту есебінен мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашуға ықпал ету жоспарлануда. Ауданда өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалады», - деді Жанна Штергер. 

Сондай-ақ, автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту 2025 жылға қарай 95% - ға дейін жеткізілетіні атап өтілді. 28 ауылда сумен жабдықтау объектілері мен желілерін салу және реконструкциялау жоспарланған. 

Жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша 360 пәтерді пайдалануға беру, 5 қабатты үйлерді қалпына келтіру, кезекте тұрғандардың 100%-ын тұрғын үймен қамтамасыз ету – мақсат. 
ТКШ (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық) саласында қазандықтар салу және жылу трассаларын жүргізу жоспарлануда. Ауруханаларға күрделі жөндеу жүргізу, санитарлық автокөлік сатып алу, дәріханалар ашу, дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету, дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу қарастырылған. 

Сондай-ақ, 14 мектепте заманауи қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу, технопарк, 6 мектепке дейінгі ұйым ашу, 20 ауылдық орта мектепте 25 жаңа модификация кабинетін жабдықтау, 2020-2021 оқу жылына компьютерлік паркті 300 бірлікке жаңарту арқылы сапалы мектепке дейінгі және мектептегі білім беруге қолжетімділікті жақсарту жоспарлануда.

Қарағанды облысының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары