$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.12.2020, 22:53
Қоғам

Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

Алдағы демалыс күндері басты серуендеу орны коньки тебетін алаңдар, мұз төбешіктер мен шыршалар болмақ

Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жаңажылдық мереке күндері қарсаңында қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар жедел қызметтердің, мамандандырылған департаменттер мен ведомстволар дайындығын қамтамасыз ету – басты мәселелердің бірі.

Айта кету керек, биыл бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Соған қарамастан, елордада әлеуметтік қашықтық пен қауіпсіздік шараларын ескере отырып, ашық аспан астында серуендеуге, суретке түсуге арналған орындар жасалуда. Алдағы демалыс күндері отбасылық серуендеудің негізгі орталықтары коньки тебетін алаңдар, мұз төбешіктер мен шыршалар болады.

«Қазіргі уақытта 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 8%-ға дейін, жасөспірімдер - 2,9%-ға дейін және 50 жастан асқан адамдар арасында КВИ инфекциясын жұқтырушылар санының өсуі байқалады. Бұл санат үшін көрсеткіш барлық жағдайлардың 26% құрайды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта ауруларды тіркеу жалғасуда – тәулігіне 57-ден 100-ге дейін, негізінен симптомды жағдайлар тіркеледі», - деп атап өтті спикерлер.

Сонымен қатар қазіргі кезде жағдайдың тұрақтана бастады. Алдағы апталар пандемиямен күресте шешуші болады.

Осыған байланысты мереке күндері мониторинг топтарының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды. Қаладағы жағдайдың күрделенуіне жол бермеу үшін қала тұрғындары үйде отыру, адам көп жиналатын орындарға шықпауы және жиындар өткізбеуі керек. ШОБ өкілдері де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Карантинді бұзушыларға айыппұл салынады.

Жаңажылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Қалада өртке қарсы арнайы режим жұмыс істейді. Медициналық стационарлар да тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

«Коммуналдық шаруашылық кешенінің барлық кәсіпорындары мен компаниялары демалыс күндері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі. Төтенше жағдайлар топтары тәулік бойғы кезекшілікте болады, олар қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерінде төтенше жағдай туындаған кезде жедел жетуге дайын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық пункттер барлық мейрамдар мен демалыс күндері тұрғылықты жеріне қарамастан науқастарды қабылдайды», - деді қала әкімінің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары