ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Павлодар облысы: ауыз судың қолжетімділігі мен жолдардың сапасына мән беріледі

Нұротандық үміткер тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Павлодар облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дулат Әбетжанов Аққулы ауданы Баймульдин ауылдық округінің тұрғындарымен онлайн кездесті. Zoom платформасы арқылы бейнеконференция режимінде өткізілген шараға 20-дан астам тұрғын қатысып, кандидатқа сауалдарын қоя алды.

Әдеттегідей, Дулат Ермекұлы «Nut Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған елдімекен тұрғындарына қатысты тың жоспарлармен бөлісті.

Өз кезегінде атажұртқа қоныс аударған Әшімхан Өмірхан есімді ауыл тұрғыны ауыз су мен жол салу мәселесін ортаға салды. Дулат Әбетжанов бұл бағытта атқарылатын шаралар тізбегін баяндап, ең негізгілеріне тоқталды. Атап айтқанда, алдағы 5 жылда Баймульдин ауылын ауыз сумен 100 пайыз қамту, ауылішілік жолдардың 4,5 км жөндеу көзделуде. Сонымен қатар, партия ауылды ұялы байланыспен қамтып, бейнебақылау орнатуға, мектепті күрделі жөндеуден өткізуге және дәріхана пунктін ашуға тікелей ықпал етпек.

Атап өтерлігі, «Nut Otan» партиясы Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» бағдарламалық мақаласында айтылған идеяларын өміршең ету мақсатында жер-жерде рухани шараларды тұрақты өткізуде. Бұл ретте Дулат Ермекұлы Аққулы ауданында Ұлы Отан соғысының батыры Әбілқайыр Баймульдиннің мұраларын танымал етуге айрықша мән берілетінін сөз етті.

Баймульдин ауылдық округінің тұрғындары жерлес кандидатқа сәттілік тілеп, алдағы сайлауда нақты таңдауларын жасайтынын айтып қоштасты.

Павлодар облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді