Сәбина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
Неке қию рәсімі Алматы қаласында өтті
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың Саят Салманұлы деген азаматқа тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Бұл туралы екі жастың некесін қиған «Нұр-Мүбəрак» университеті жанындағы мешіттің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы хабарлады.
«Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова некесін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», - деп жазды ол.
Ашық дереккөздерде Саят Салманұлына қатысты ақпарат аз. Кейбір дереккөздерде оның қазақстандық «Круиз» кинокомедиясы продюсерлерінің бірі болғаны айтылса, тағы бір дереккөздерде 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.
Еске сала кетсек, қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан (Тайбэй қаласы - ред.) кейін желіде «ең сымбатты» спортшы ретінде танылды. Ол 1996 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 17 жасында Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасының мүшесі атанды.