$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2020, 16:40
Қоғам

Оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті ме?

Қазақстанда 2021 жылдың наурызынан бастап жаппай вакцинациялау жүргізіледі

Оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндетті ме?
Фото: akorda.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушылар коронавирусқа қарсы вакцинацияда қабылдауға міндетті емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Вакцинация салуға мәжбүрлеу болмайды. Мектептердегі медициналық бөлімді бірнеше жыл бұрын Денсаулық сақтау министрлігіне бердік. Осы мәселе бойынша сұрақтарыңызды әріптестерімізге (ДСМ – авт.) қоя аласыз. Мәжбүрлеу туралы сөз жоқ», - деп жауап берді Аймағамбетов журналистердің сұрағына.

Министр коронавирусқа қарсы отандық вакцина бірінші және екінші сынақ кезеңінен өткенін еске салды. 

«Бұған дейін клиникаға дейінгі сынақ өтті. Қазір клиникалық зерттеудің соңғы үшінші кезеңіне жеттік. Бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талапқа сай жасаймыз. Біз барлық принцип пен норманы сақтауымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені бұл халықтың қауіпсіздігін білдіреді.

Наурыз айының ортасында біз вакцинаны шығарып, вакцинациялауды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бірақ бұл жерде ескерткім келетіні, вакцинаны дайындауға қатысты мәселелер мен ғылыми зерттеулер Білім және ғылым министрлігінің құзырына жатады, ал вакцинациялау мәселесі БҒМ құзыретіне кірмейді», - деді Аймағамбетов.

21 желтоқсаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік ғалымдар ойлап тапқан «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады.

19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

Серіктес жаңалықтары