«Nur Оtan»: Шымкентте 42 мектептің құрылысы жүргізіледі
Партиялықтар білім саласындағы проблемаларды шешуге уәде берді

Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр. Осындай шаралардың бірі Шымкенттегі Мардан Сапарбаев институтында өтті. Қалалық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Жадыра Танатарова, Талғат Балтабаев, Байкен Аширбаев және Марат Сапарбаев педагогтармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
«Саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Партия осы бағытта кешенді жоспарды жүзеге асыруға күш салады. Қазір оқушылардың 35% компьютерге мұқтаж, бұл 77 658 бала, оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары. Осы сынды күрмеуі қиын мәселелерді шешу мақсатында «Nur Otan» партиясы үш негізгі бағытта жұмыс жүргізеді: мектеп тапшылығын жою, білім сапасын жақсартуға көңіл бөлу, оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайту», – деді үміткер Марат Сапарбаев.
Сондай-ақ, еліміздің басты саяси күші – «Nur Otan» партиясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды материалдық көмекпен 100% қамтуға жәрдемдесетнін айта кетейік. Кездесуге қатысқан Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының игі істерін қолдайтындарын атап өтті.
«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие. Біздің жерлестеріміздің көпшілігі «Nur Otan» партиясына сенеді. «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған мемлекеттік маңызды міндеттерін іске асыра отырып, республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді. «Nur Otan» нақты істер партиясы! «Nur Otan»-ға дауыс бер», - деді үміткерлер.
Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.