Лондон олимпиадасы жүлдегерінің бір үйір жылқысы ұрланды
Барымташы Рысқұлов ауданының азаматы болып шықты
Белгілі балуан, еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров полицияға белгісіз тұлғалардың Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымынан 26 жылқы ұрлағаны туралы арыз берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлығы үшін бұрын екі рет сотталған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады», - деп хабарлады полициядан.
Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Ақжүрек Таңатаров бейне-хабарлама жазып, полиция өкілдеріне алғысын білдірді.