$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2020, 03:45
Қоғам

Өскемендегі жолаушы тасымалдаушылар 10 айдан бері жұмыссыз жүр

Жұмыссыздар облысішілік автобус тасымалына шектеудің күшейгеніне алаңдайды

Өскемендегі жолаушы тасымалдаушылар 10 айдан бері жұмыссыз жүр
Фото: ашық дереккөзден

Өскемендегі жолаушы тасымалдаушылар карантиндік шектеулердің салдарынан он айдан бері жұмыссыз қалған. Кәсіп иелері істің соңы банкротқа ұшыраумен аяқтала ма деп алаңдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Өз мекемемізде ғана 200-ден астам адам істейтін, қазір 60%-і жұмыстан шығып кетті. Қазіргі уақытта жылдың аяғына дейін тағы арыздар кеп түсіп жатыр, 80%-ке өседі деп ойлаймын», - дейді автобекеттің бас директоры Алмас Бейсенғазин.

Барлығы түсінбей отырған жалғыз жайт – ұшақ пен теміржол арқылы жолаушылар ағылып жатыр. Яғни, облысішілік автобус тасымалына шектеудің күшейгеніне алаңдайды. Автобекет барлық санитарлық талап үдесінен шығу үшін ондаған миллион теңге жұмсапты. Қашықтықты сақтау, бір ізбен кіріп-шығу, дезинфекциялық дәліз сынды жаңа құралдардың барлығы бар. Бірақ соған қарамастан шектеуге ұшырап отыр.

Серіктес жаңалықтары