Қызылорда да көпсалалы аурухана салынады

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушыларға үгіт жүргізді.

 
Қызылорда да көпсалалы аурухана салынады

Экспромт-кездесу. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер қаладағы «Ағжан» сауда үйіне келуші сайлаушыларға үгіт жүргізді.

Кездесуде үміткерлер Қанағат Сақтағанов әлемдік коронавирустық пандемия еліміздің экономикалық жағдайына кері әсерін тигізгенін, халықтың қауіпсіздігі басты орында екенін айтты.

2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін,  қызмет істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын айтты.

Ал үміткерлер Ділмұхаммед Абизов пен  Раушан Ысқақова партия қолдауды жоспарлаған әлеуметтік мәселелер төңірегінде түсіндірді. Соның ішінде ерекше қажеттіліктері  бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, балаларды исклюзитвті  біліммен қамту, денсаулық сақтау саласында онкологиялық орталығы бар көпсалалы аурухана, қан орталығы, екі бірдей мөлте аудандарда дәрігерлік амбулатория құрылысы бой көтеретін тілге тиек етті.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.