Қазақстандық үш әйел Қытай азаматтарына заңсыз жолмен бала туып берген

Олар қазір іздестіріліп жатыр

Қазақстандық үш әйел Қытай азаматтарына заңсыз жолмен бала туып берген
Көрнекі фотосурет

Қазақстандық әйелдер Қытай азаматтарына суррогат ана қызметін көрсеткен. Оқиға Ресейдің Краснояр қаласында болған. Үш әйелдің үстінен де бала саудалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың тамызында 34, 32 және 27 жастағы қазақстандық үш әйел 1 миллион рубль сыйақы үшін Қытай азаматтарымен келісімге отырып, оларға бала туып берген. Балалардың биологиялық әкесі – Қытай азаматтары. Дүниеге екі ұл, бір қыз бала келгеннен кейін, аналары оларды күтушіге беріп, өздері Қазақстанға кетіп қалған», - делінген Ресейдің Тергеу комитеті таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда үш сәби де балалар үйіне орналастырылған. Ал, олардың биологиялық аналары мен әкелері іздестіріліп жатыр. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 127.1-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әйелдерді босандырып алған акушерлер тергеуден өтуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.