$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.12.2020, 23:32
Қоғам

Қазақстан халқының саны 18 млн 833 мың адамға жетті

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, халық саны 1,3%-ға өсті

Қазақстан халқының саны 18 млн 833 мың адамға жетті
Фото: newtimes.kz

2020 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша еліміздегі халық саны 18 млн 833,1 мың адам болды. Бұл туралы Статистика комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%)», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміздегі ер адамдар саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйелдер саны 9 696,3 мың болып отыр.

«2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында байқалды», - делінген комитет ақпаратында.


Серіктес жаңалықтары