$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 13:27
Қоғам

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталған өңірлерде карантинді жеңілдету мәселесі қаралады

Бұл туралы ДСМ өкілі айтты

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталған өңірлерде карантинді жеңілдету мәселесі қаралады
Azattyq Rýhy / Алиакпар Қадырбаев

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында соңғы екі апта ішінде эпидемиологиялық жағдай дұрысталған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралатынын айтты.

«Қазір республика «жасыл» немесе тәуекелі төмен аймақта тұр. «Қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы бар. «Сары» аймақта жеті өңір – Алматы қаласы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта. Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірлерде карантин шарасын жеңілдету мәселесі қаралады», - деді басқарма басшысы.

Өткен екі апта ішінде коронавирус жұқтыру жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында - 1,3 есе, Жамбыл облысында - 1,7 есе, Атырау облысында - 2,4 есе, Алматы облысында 1,5 есе өскені байқалған.

Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, тәуекелі жоғары өңірлерде күшейтілген шаралар сақталуда. Барлық өңірлерде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар:

  • халық көп жиналатын орындарға бармау;
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оларға қатыспау;
  • организмді салқындатуына жол бермеу;
  • коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау;
  • міндетті түрде маска тағу;
  • әлеуметтік қашықтық пен гигиеналық талаптарды сақтау;
  • құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалан.
Серіктес жаңалықтары