11.12.2020, 17:30
Қоғам
16 желтоқсанда елордада отшашу болмайды
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қатарынан төрт күн демалады
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында отшашу болмайтынын мәлімдеді.
Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Тәуелсіздік күніне орай төрт күн қатарынан, яғни 16,17,18 және 19 желтоқсан демалыс болады. 18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсандағы жексенбіге ауысты.
Сондай-ақ жақында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шаһар тұрғындарын Жаңа жыл мерекесін үйде, отбасы мүшелерімен шағын ортада қарсы алуға шақырды.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа қайта енді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті