$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2020, 11:38
Қоғам

Мерзімі өтіп кеткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Ол Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына халықаралық рейспен келген

Мерзімі өтіп кеткен ПТР-анықтамамен келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

10 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсімен 1 668 жолаушы келді. Шет елдерден келген 1 530 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасы болса, 138 адамда тиісті анықтама болмаған. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары.  

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 6 қала халықаралық рейстерді қабылдаған:

  • Нұр-Сұлтан әуежайына - 10 рейс (886 жолаушы, анықтамамен - 808, анықтамасыз – 78);
  • Алматы әуежайына - 6 рейс (600 жолаушы, анықтамамен - 554, анықтамасыз – 46);
  • Қарағанды әуежайына - 2 рейс (барлық 5 жолаушы анықтамамен келді);
  • Шымкент әуежайына - 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен - 123, анықтамасыз – 12);
  • Орал әуежайына - 1 рейс (38 жолаушы, анықтамамен - 36, анықтамасыз – 2);
  • Петропавл әуежайына - 1 рейс (барлық 4 жолаушы анықтамамен келді).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 139 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. 9 желтоқсан күні анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы ПТР-тестен өткені туралы мерзімі өтіп кеткен анықтама ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.

Серіктес жаңалықтары