Неге антибиотиктер бактерияға қарсы тұра алмай жатыр?
Бұл жайында ресейлік маман айтып берді
Ресейлік микробиолог Константин Северинов коронавирустан көз жұмған науқастардың көпшілігі COVID-19-дан емес, ауруханада жұқтырылған суперинфекциядан қайтыс болып жатқанын айтты.
«Коронавируспен ауырған науқастардың бір ерекшелігі - олардың денесінде өте қауіпті суперинфекциялық бактериялардың тез қалыптасуында. Сонымен қатар, ол –дәрілерге тұрақтылығы жоғары, емдеу мүмкіндіктері шектеулі штамдар. Біз оларды жиі анықтаудамыз», – дейді маман.
Суперинфекцияның табиғаты вирустық емес, бактериялық екенін айтқан микробиолог ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған адамдарда пайда болатын инфекциялар жайында айтып берді.
«Олардың қоздырғышы – көк іріңді таяқша. Әсіресе, бұл COVID-19 жағдайында айқын көрінеді. Науқас адамдарға тыныс алу қоспасы беріледі, бұл – іс жүзінде, өкпені жасанды желдету. Егер аурухананың өзіндік патогендік микрофлорасы болса, демек ол тыныс алу жолдарына да енеді. Сонымен қатар, жасанды желдеткіште жатқан адамдар үнемі антибиотиктер қабылдайды», - дейді Константин Северинов.
Маманның айтуынша, жаппай, әсіресе эпидемияның алғашқы кезеңінде, COVID-19-ды емдейтін «қызыл аймақта» тұрақты микробтардың үлесі артқан. Сонымен қатар, ауруханалардан тыс жерлерде де тұрақты микробтар жиі кездесуде.