04.12.2020, 17:20
Қоғам
Теңіз кенішінде коронавирус індеті қайта өршіді: соңғы төрт күнде 71 науқас тіркелді
Атырау облысы «сары» аймаққа енді
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирус жұқтырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Қараша айынан бері Теңіз кенішінде індетке шалдыққан 140 адам тіркелді, оның 71-і соңғы төрт күнде анықталған. Қазір Теңіз кенішінде 315 төсек-орындық инфекциялық стационарда он бес маман жұмыс істеп жатыр, 111 пациент емделуде. Аурухананың жүктемесі 35,2%-ті құрайды.
Денсаулық сақтау басқармасы Теңізге тағы сегіз маман жіберу туралы шешім қабылдады. Олар: екі дәрігер, екі медбике және төрт санитар.
Еске сала кетейік, бүгін Атырау облысы коронавирустың таралуына байланысты «сары» аймаққа енді.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды