$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2020, 12:53
Қоғам

Ақмола облысында жылдамдықты шамадан тыс асырған 35 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

Мұндай жағдайлардың кесірінен 25 адам қаза тапқан

Ақмола облысында жылдамдықты шамадан тыс асырған 35 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды
көрнекі фото: carsguru.net

Ақмола облысының автокөлік жолдарында жыл басынан бері 35 мыңнан астам адам жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 521 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жолда шектен тыс қатты жылдамдықпен жүрген жүргізушілердің кінәсінен 133 жол апаты болып, соның салдарынан 25 адам қаза болып, 188 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

«Ереже бұзу үшін жасалған» деген қағида жол қозғалысы жағдайында қолдануға болмайды. Өйткені, бұл орны толмас қайғылы оқиғаға әкеліп соғып жатады. Ақмола облысының полицейлері белгіленген межеден жылдамдық режимін асырумен байланысты жол ережесін бұзғандарды анықтауға ерекше назар аударады. Арнайы техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдана отырып, жылдамдықты шамадан тыс асырған 12 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басынан бері «газды басқанды ұнататын» 35 831 жүргізуші жауапкершілікке тартылды», - дейді Ақмола облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімінің бастығы Қуаныш Әбенов.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізушілердің басым көпшілігі жолда жылдамдықты шектейтін белгілер тұрса да, жылдамдықты азайтпайды.

«Жүргізушілер қандай көлік басқарса да, жоғары жылдамдықпен тек жылдамдықты шектейтін жол белгілері жоқ жерде ғана жүре алады. Яғни егер 90 км/сағат шектеу тұрса, оны 140 км/сағат жылдамдықпен жүруге болса да, белгіленген шектеуден асыруға болмайды», - дейді Полиция департаментінен.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары