03.12.2020, 10:38
Қоғам
Соңғы тәулікте Қазақстанға шет елдерден ПТР-анықтамасыз 147 жолаушы келді
Келген 992 жолаушының бәрі - Қазақстан азаматтары
көрнекі фото: nn-airport.kz
2 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусь елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 992 жолаушы келді. Олардың ішінде 845 жолаушыда теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 147 адамда тиісті анықтама болмаған. Жолаушылардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс (449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125);
- Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс (412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз – 20);
- Орал қаласының әуежайына - 2 рейс (40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз – 1);
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс (91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1) келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды