«7-20-25» бағдарламасы бойынша ең көп баспаналы болған өңірлер анықталды
Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2018 жылдың 4 маусыманан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде өтініш қабылдау басталды

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын іске қосылғалы бері 240,1 млрд теңге көлеміндегі сомаға 21 205 өтініш қабылданған. Нәтижесінде қазақстандық банктер 142,7 млрд теңгеге 12 442 адамның өтінішін мақұлдап, ипотекалық қарыз берген. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық банк баспасөз қызметі беріп отыр.
Бағдарлама бойынша үй алуға ең көп өтініш берген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары екен (3903). Ал, «7-20-25» арқылы баспана алуға өтініш берген алматылықтардың саны 2621 адам. Мегаполистер арасында Шымкент қаласында ең төмен көрсеткіш тіркеліп отыр (595 адам).
«7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш көп жасалған облыстар арасында Ақтөбе (718 адам) мен ШҚО (658 адам) алдыңғы қатарда екен.