$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2020, 14:50
Қоғам

«Бірде-бір дүнген елден көшіп кетпеді»: Сапарбаев Қордайдағы жағдайды баяндады

Өңір басшысы БАҚ-тарда тараған ақпаратты жоққа шығарды

«Бірде-бір дүнген елден көшіп кетпеді»: Сапарбаев Қордайдағы жағдайды баяндады
Көрнекі фото: zhambyl.gov.kz

Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін дүнгендердің басқа елге көшіп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазір Қордайдағы жағдай тұрақты. Барлық залал орны толтырылды. Биыл Қордай ауданына 35 млрд теңге ақша бөлініп, жаңа 4300 жұмыс орны ашылды. Аудандағы жол, ауызсу сияқты көптеген мәселелер шешілді....

Кейбір баспасөз құралында «Дүнгендер басқа жаққа көшіп кетті, кәсібін жалғастыруға кедергі жасап жатыр» деген ақпарат тарап жатыр. Бәрін зерттедік. Олар бұрынғыдай Қордай, Шу ауданында, көршілес Алматы және Қарағанды облыстарында жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір дүнген Ресейге немесе басқа мемлекетке көшіп кеткен жоқ», - деді өңір басшысы.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Қордай ауданының үш ауылында екі мыңнан астам адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік болды. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, оның 10-ы адам қолынан, бір адам жанып жатқан сауда орталығының қирауы салдарынан қайтыс болды. 140 азамат пен 20 полиция қызметкері түрлі жарақат алды. 164 тұрғын үй және сауда объектісі, 100-ден астам автокөлік зақымданды. Жәбірленуші - 342 адам, іс бойынша 400-ден астам түрлі сот сараптамасы жүргізілді, 1,5 мыңнан астам адамнан жауап алынды. Атап өту керек, тәртіпсіздікке қатысушылар мен белсенділер екі жақтан да болды.

Серіктес жаңалықтары