$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 21:18
Қоғам

«Алматыдағы модульді клиника резервте тұрады» – әкімдік жауабы

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы небәрі 8 айдан соң жабылып қалған жұқпалы аурулар ауруханасы туралы түсініктеме берді

«Алматыдағы модульді клиника резервте тұрады» – әкімдік жауабы

Алматыда пандемия, коронавиурспен ауыруған науқастарды қабылдап келген модульді аурухана жұмысын тоқтататын болды. Бюджеттің 5 миллиард теңгесіне салынған модульді аурухана небәрі 8 айдай ғана жұмыс істеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы ахуалға қатысты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. Жауапты ведомствоның ақпаратынша, бұдан былай пандемиямен ауырған науқастар Түрксіб ауданындағы РВ-90 аталып кеткен (қоғамдық көлік аялдамасы – авт) ауруханаға жатқызылады.

«И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК-ның жаңа филиалы бүгін өз жұмысын бастады.  Ғимарат көлемі 28666 шаршы метр, 500 адамға шақталған. Жансақтау бөлімі 45 кереуетке есептелген. Аурухананың архитектуралық-жоспарлануы жұқпалы аурулармен ауыратын науқастардың оқшаулануын қамтамасыз етеді. Қабылдау және кеңес беру қызметтері 8 бөлімнен тұрады. Компьютерлік томография, ультрадыбыстық диагностика, бейне эндобронхоскопия, спирография, электрокардиография сынды диагностикалық және терапиялық шараларды жүргізуге қабілетті. Нысан медициналық оттегімен 100% қамтамасыз етілген. Аумағында кір жуатын орын, хлорлау бөлмесі, медициналық қалдықтарды дезинфекциялау және инсинератор, дезинфекциялау камерасы, зарарсыздандыру блогы, монша мен мәйітханасы бар», - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Сәуір айынан бастап науқастарды қабылдаған И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы санитарлық-дезинфекциялық тазалау жұмыстарын қажет етеді. Модульдік клиника резервте тұрады. Ал ондағы қымбат медициналық апараттар жаңа модульдік клиникада орналасады. Басқарманың хабарлауынша, қалада барлығы 7011 кереует бар, оның 1601 төсегі қолданыста, қалғаны резервте.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары