28.11.2020, 10:27
Қоғам
Алматы әкімі шектеу шараларының күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді
Өткен тәулікте мегаполисте 84 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдай күрделенсе, режимнің күшейетінін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», - деп жазды Б. Сағынтаев.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, олардың 84-і Алматы қаласында тіркелді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды