$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 12:20
Қоғам

Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

Оның хабар-ошарсыз кеткені туралы 16 қазанда хабарланған

Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды
Көрнекі фото: polisia.kz

Оқушы қыз бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген соң, үйден кетіп қалған. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.

16 қазанда Сарқан қаласының 57 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімшесіне жүгініп, 16 жастағы немересінің жоғалып кеткенін хабарлаған. Оның айтуынша, бірге тұратын әжесінен ұрыс естіген 11-сынып оқушысы үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Кәмелетке толмаған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылып, ол 25 қарашада табылып, үйіне қайтарылды. Ол бір жарым ай бойы Талдықорған қаласы Шығым ықшам ауданындағы құрбысының жалдамалы пәтерінде тұрған. Профилактикалық әңгімеден соң, қыз есепке қойылды.

Полицияның хабарлауынша, 57 жастағы әйел денсаулығына байланысты немересіне одан ары бас-көз болудан бас тартты. Анықталғандай, әйел немересі дүниеге келгеннен кейін оны бірден өз қамқорлығына алған. Қазір 16 жастағы оқушыны туған анасына қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары