«Халықтың 99% жемқорлықтан ада»: Саймон Пэ Алик Шпекбаевқа Гонконгте жемқорлықты қалай жеңгенін айтып берді

Шетелдік маман Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады

«Халықтың 99% жемқорлықтан ада»: Саймон Пэ Алик Шпекбаевқа Гонконгте жемқорлықты қалай жеңгенін айтып берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың Гонконгтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясының комиссары Саймон Пэмен онлайн кездесу өткізді. Айта кету керек, аталған комиссия шетелдік ең үздік ведомстволардың бірі болып есептеледі.

А. Шпекбаев гонконгтық әріптестерін елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырып, саяси жаңғырту шараларына, жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларына және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға назар аударды.

Өз кезегінде Саймон Пэ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы және мемлекеттік қызметті реформалаудағы едәуір жетістіктерін атап өтті. Атап айтқанда, ол Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және қылмыстық тәжірибенің, алдын алу мен ағартудың кешенді функциялары бар Агенттік құрудың маңызды рөлін атап өтті. Қазақстандық ведомство құрылымының негізі ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа елдері, Гонконг үлгілері қабылданды.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берген Гонконг әріптестерінің тәжірибесін талқылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз орган құру, «мүлікті параға сатып алмағаныңды дәлелде» қағидатын енгізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру – табыстың кілтіне айналды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды ағарту және білім беру – жемқорлыққа төзбеуді қалыптастырудағы және парасаттылық мәдениетін кеңейтудегі маңызды факторлар. Біз бұл жұмысты 40 жыл бұрын бастадық және осы уақытқа дейін бірнеше ұрпақ ауысты. Осының арқасында бүгінде халықтың 99%-ы жемқорлық көріністерінен ада», - деп атап өтті Саймон Пэ. Ол сондай-ақ, Қазақстанның осы бағытта жүргізіп жатқан жұмысына жоғары баға берді.

Гонконгта комиссия қызметкерлерінің кәсібилігіне зор көңіл бөлінеді. Барлық жаңадан қабылданған қызметкерлер тергеу, алдын-алу және білім беру тәжірибесін қоса алғанда, бөлімнің мамандануы мен жауапкершілігінің негізгі бағыттары бойынша бір жылдық жедел оқытудан өтеді.

Ведомстволар Тәуелсіз комиссия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және халықаралық оқыту орталығы негізінде неғұрлым тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты. Ынтымақтастық талдамалық зерттеулердің нәтижелерімен, оқыту іс-шараларымен және екіжақты сапарлармен алмасу аясында болмақ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.