$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 13:51
Қоғам

Даниал Ахметов ШҚО-да блок-бекет қойылған қалаларды атады

Шығыс Қазақстан облысы әлі «қызыл аймақтан» шыққан жоқ

Даниал Ахметов ШҚО-да блок-бекет қойылған қалаларды атады

ШҚО-да коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

Жыл басынан бері коронавируспен күресу мақсатында облысқа 22,4 млрд теңге бағытталған. Алайда, өңірде індет қайта өршіп, облыс әлі «қызыл аймақтан» шыққан жоқ.

«Коронавирустың таралуына қатысты өңірде күрделі жағдай сақталып отыр. Пандемия басталғалы өңірде 14 мың адам COVID-19 жұқтырды. Облыс ауруханаларында 659 адам жатыр. Жұқтырудың апталық өсімі – 1,7%», - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, облыста ПТР-тест тапсыруға арналған 13 лаборатория бар. Алдағы күндері олардың қатары тағы 7 зертханамен толығып, бюджеттен қаржыландырылады. Зертханаларда тәулігіне 16 мың сынама алатын мүмкіндік туады.

«Пандемия басталғалы бері 350 мың тест тапсырылды. Соңғы 17 күнде 57 мың адамнан сынама алынды», - деді Ахметов.

Облыс әкімі мектеп оқушылары арасындағы коронавирустың таралу деңгейіне де тоқталды.

«Өкінішке қарай, оқу жылы басталғалы бері облыста коронавирус 410 оқушы тіркелді. Оның ішінде, 291 оқушы қашықтан, 119 оқушы 93 мектепте штаттық режимде оқыды. Инфекция анықталған мектептердің бәрі жабылып, оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ ШҚО әкімі облысқа кіріп-шығатын тұста блок-бекеттер қойылатынын хабарлады. Өскемен, Алтай, Серебрянск, Риддер қалалары мен Глубокое ауданына блок-бекеттер қойылды.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары