20.11.2020, 09:34
Қоғам
Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қатынамайды
23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды
Фото: Батыржан Беспаев
Жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)