$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.11.2020, 13:47
Қоғам

Ел мектептерінде жаңажылдық шаралар өткізілмейді

Елімізде коронавирус жұқтырған 456 бала емделіп жатыр

Ел мектептерінде жаңажылдық шаралар өткізілмейді
Фото: diapazon.kz

Қазақстан мектептерінде оқушылар Жаңа жыл мерекесін тойламайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

«Мектепке барып оқып жүрген оқушылар жаңажылдық мерекелік шараларды өткізбейді. Байқағанымыздай, балалар коронавирусты жеңіл өткергенімен, белсенді тасымалдаушы. Мектептердегі кезекші сыныптар ата-аналардың өтінішімен ғана ашылды. Оқушының мектепке барып, бармауы ата-ананың жауапкершілігінде», - деді төрайым.

Брифинг барысында маман аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты «қызыл», «сары», «жасыл» белгілердің қай кезде қабылданатынын түсіндірді.

«Аймақтардың қызыл, сары немесе жасыл аумақта болуы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Көрсеткіш репродуктивтілік пен соңғы 7 тәулікте вирусты жұқтырушылар санының аймақта 100 мыңға жетуіне байланысты қабылданады, Р көрсеткішін арнайы формула арқылы компыютер есептейді», - деді комитет төрайымы.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары