13.11.2020, 11:51
Қоғам
Қызылордада ұрлықпен айналысқан 2 бүлдіршін ұсталды
Олардың бірі 10 жаста, екіншісі - 7 жаста
көрнекі фото; 3dnews.ru
Қызылордалық полицейлер ұрлықпен айналысқан кәмелетке толмаған екі бүлдіршінді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
10 қараша күні полицияға қаладағы екі сауда орталық кәсіпкерлерінен күндіз белгісіз біреулердің ұялы телефондары мен әшекей бұйымдарын ұрлап кеткені туралы арыз келіп түскен. Полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары нәтижесінде бұл қылмыс жағдайына 10 және 7 жастағы екі баланың қатысы бар екенін анықталған.
Балаларының тәрбиесімен айналыспаған жасөспірімдердің ата-анасына қатысты тиісті құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығын шектеу үшін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Көп оқылған
08.06.2026, 11:18
Ақтауда ішіп алған ер адам көшеге тыр жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 12:58
Арыс қаласында мас әйел төрт адамды қағып өлтірді – оның екеуі бала, біреуі жүкті әйел
08.06.2026, 06:21
Павлодар тұрғыны вокзал маңында ұйықтап қалған канадалық туристің ақшасы мен төлқұжатын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
08.06.2026, 14:55
39 градус аптап ыстық, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды