Алматыда жезөкше ұстайтын притон ұйымдастырған азамат 6,5 жылға сотталды
Ол жезөкшелікпен айналысуға Казақстан мен Өзбекстан азаматтарын тартқан
Алматы қаласында М. есімді азамат интимдік қызмет көрсету мақсатында жезөкшелер ошағын ұйымдастырған. Оның кінәсі дәлелденіп, сот шешімімен 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«М. есімді азамат заңсыз қылмыстық кызметін жүзеге асыру мақсатында, яғни жезөкшелікпен айналысу үшін Казақстан мен Өзбекстан азаматтарын тартқан. Аталған кылмыстың ұйымдастырушысы өз қарамағындағылардың іс-әрекеттері мен міндеттерін айқындап берген, яғни анықталмаған азаматтар жеңіл жүрісті қыздарды күзету мен тасымалдауға жауап берсе, басты күдікті қыздарға клиенттер тауып, сол үшін жезөкшелердің табысынан 50%-ын иемденіп отырған. Жеңіл жүрісті қыздарды тұрғын үймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету де өз міндетіне алып, интернетте жарнама жариялаған», - деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бөлім бастығы Әділ Салаев.
Сонымен қатар, тәртіп сақшысының мәліметінше М. есімді азаматтың тұрғылықты жерін тексеру барысында атыс қаруына жататын «ОСА» маркалы тапанша тәркіленген. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 128-131 баптары бойынша қамауға алынып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның жасаған іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-тармағы, 1,2 пункті, 287-баптың 2-тармағы бойынша негізге отыр.
«Тергеу нәтижесі бойынша нақты дәлелдер келтіріп, ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 300-бабына сәйкес аталған қылмыстық іс Алматы қаласы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасына, одан әрі сот органдарына жөнелтілу үшін жіберілді. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты М.есімді күдіктіні ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы 2-тармағы, 309-бабының 2-тармағы 1,2 пунктеріі бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесу туралы шешім қабылдады», - деп атап көрсетті полиция майоры Салаев.