Елімізде «қызыл аймаққа» енген өңірлердің саны төртеуге жетті
Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың таралу екпіні бойынша Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл аймаққа» енгенін хабарлады.
«Қызыл аймаққа» кіретін өңірлер: ШҚО, Павлодар облысы, БҚО және Қостанай облысы. «Сары аймаққа» енген Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл аймақта», - деп мәлімдеді ол.
Еске сала кетейік, жақында Үкімет басшысы Асқар Мамин «қызыл» және «сары» аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.