$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2020, 15:45
Үкімет

Тағы бір облыс «қызыл аймаққа» енді. Үкімет басшысы Цойға нақты тапсырма берді

Үкімет басшысы Асқар Мамин ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді

Тағы бір облыс «қызыл аймаққа» енді. Үкімет басшысы Цойға нақты тапсырма берді
Фото: primeminister.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ПТР-диагностикалау мен жеке қорғаныш құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, өңірлердегі ахуал туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Ерте вакцинациялау, жаппай маска тағу режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларының арқасында биыл күзде халықтың пневмониямен және ЖРВИ-мен сырқаттанушылығы төмендеген. Мысалы, қазан айында осы жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, пневмониямен ауырғандар саны 26%-ға (24,8 мыңнан 18,3 мыңға дейін азайды), ал жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар 7,6%-ға (286,8 мыңнан 265,3 мың адамға дейін) азайған. Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауыру 1,7 есе (2019 жылғы қазанда 441,2 мың, биылғы қазанда 265,3 мың) төмендеді. 

Сондай-ақ барлық өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы артқаны байқалады. Вирустың репродуктивтік индексі республика бойынша – 1,2%, инфекциялық төсек орындарының толтырылуы 21%, реанимациялық төсек орындарының жүктемелігі 17%-ды құрайды. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — сары аймақта.

Премьер-министр қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне:

  • Барлық медициналық қызметтердің орталық және өңірлік деңгейде сырқаттанушылықтың ықтимал өсу жағдайына толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • Халықпен шектеу шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
  • Шекара қызметімен, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейту;
  • Әділет министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, ҚР аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беруге уәкілетті, өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін айқындау тапсырылды.

Ішкі істер министрлігіне халық пен бизнес субъектілерінің шектеу және карантин шараларын сақтауын бақылау жөніндегі мониторинг топтарының жұмысын күшейту тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары