Жамбыл облысында оқу жылының екінші тоқсаны қалай жалғасатыны айтылды

Бас санитар қаулыға өзгерістер енгізді

Жамбыл облысында оқу жылының екінші тоқсаны қалай жалғасатыны айтылды
көрнекі фото

Жамбыл облысының бас санитар дәрігері Салтанат Әлібаева карантиндік шектеулер туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес, оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқытуға көшеді. Сыныптардағы бала санын 15 оқушыдан асырмау қажет. Жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқытуға рұқсат етілген.

Сондай-ақ, театрлардың жұмысына тыйым салынбайтын болды. Алайда, залды тек 50 пайызға дейін толтырып, көрермен санының 100 адамнан аспауын қадағалау керек. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимі, әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады.

Осы секілді талаптарды сақтай отырып, діни нысандар да (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмыс жасамақ. Дегенмен, залды тек 30 пайыз толтырып, келушілердің санын 100 адамнан асырмау қажет. Жұма намазын қоспағанда, мешіттерде 5 уақыт намазды жамағатпен оқуға рұқсат етіледі. 

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.