ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Өзбекстан Әмір Темір қабірін ашқан сәттегі құпия фотосуреттерді жариялады

Билеушінің қабірі ашылғаннан кейін Ұлы Отан соғысы басталған еді

Өзбекстан даңқты билеуші Әмір Темірдің қабірін ашқан сәтте түсірілген фотосуреттерді көпшілікке жариялады, деп хабарлайды Sputnik Узбекистан. Ол Самарқандтағы Гури Әмір кесенесіне жерленген.

Сирек суреттерді «Узархив» агенттігі жариялады. Айта кетейік, Әмір Темірдің қабірі 1941 жылы қазылған болатын. Ғалымдар экспедициясын Ташмұхаммед Кори-Ниязи мен антрополог Михаил Герасимов басқарған.

Қазіргі таңда аталған фотосуреттер Самарқан облыстық мемлекеттік архивінде сақтаулы.

Әмір Темірдің қабірін ашу туралы шешімді КСРО басшылары оның туыстарының рұқсатымен 1941 жылы маусым айында қабылдады. 20 маусымда қазба жұмыстары басталды.

Аңызда Әмір Темір тыныштығы бұзылған жағдайда соғыс басталатыны туралы айтылады. Оның қабірі қазылғаннан 2 күн өткеннен кейін Ұлы Отан соғысы басталды.