$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2020, 09:50
Қоғам

30 жылда қазақша жазып үйрене алмадық: Қарағандыда лифтідегі жазба тұрғындардың ашуын туғызды

Нұсқаулықтар орыс тілінен сөзбе-сөз аударылған

30 жылда қазақша жазып үйрене алмадық: Қарағандыда лифтідегі жазба тұрғындардың ашуын туғызды
Көрнекі фото

Қарағандыдағы көпқабатты ғимараттардың лифтінде қазақ тілінде жазылған жазбалар жергілікті тұрғындардың шамына тиді, деп жазады «Новый Вестник».

Басылымның хабарлауынша, тұрғындар редакцияға хат жазып, қазақ тіліндегі нұсқаулықтағы өрескел қателерді көрсеткен. «Қазақстанда тұрамыз, бірақ қазақша жазып үйрене алмадық», - дейді тұрғындардың бірі.

Оның айтуынша, тақтайшадағы нұсқаулық орыс тілінен тікелей сөзбе-сөз аударылған. Мәселен, ең бірінші сөйлем «Ережелері пайдалану жолаушылар лифтілерін» деп басталады. Сондай-ақ, «Автоматты есік ашылуы кейін көз жеткізіңіз, лифт автокөлік алдыңызда екенін» (Убедитесь, что лифт находится перед вами при автоматическом открытии дверей), «Белгісімен бірінші баланы стенд енгізу, кабинасы қалдырып кезде келіп баланы жіберіп» деген түсініксіз сөйлемдер бар.

«Бүкіл мәтіннің іші осындай қате. Аударған адам мұнымен не айтқысы келген? Бұл мәтінді кім үшін жазған? Аудармашы мамандардың өзі қазақ тілін білмегені жаға ұстатады», - делінген тұрғын жазған шағымхатта.

Серіктес жаңалықтары