19.10.2020, 11:29
Қоғам
20 қазаннан бастап Қостанай облысында карантиндік шектеулер күшейтіледі
Облыс аумағында күнделікті және демалыс күндері қандай шектеулер енгізілетіні хабарланды
Фото: kstnews.kz
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысын өткізді. Жедел штаб отырысында карантин шараларын күшейту туралы бірқатар шешім қабылдады.
Күнделікті шектеулер:
- қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс режимін 23 сағатқа дейін қысқарту, залда 30 орыннан аспайтын орын орнату;
- ашық ауадағы аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру.
Демалыс күндердегі шектеулер:
- қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салу;
- ауданы 2000 шаршы метрден астам сауда объектілерінің, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
- азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру;
- азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда объектілерінің жұмыс режимін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;
- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру.
Бұл шектеулер 20 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
«Бас санитарлық дәрігердің 6 қазандағы қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағына келген адамдар термометрия тексеруден өтуі керек. Осыған байланысты, облыстың шекаралас аудандарының әкімдеріне санитарлық бекеттерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырдым», - дейді облыс басшысы.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)