ШұғылОқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Семей көшелерінде «ақылды орындықтар» пайда болды

Бұл орындықтан ұялы телефонды қуаттап алуға да болады

Ерекше орындықтар жыл, ай, күнді көрсетіп қана қоймай, ауа райы температурасын өлшеп, ұялы телефонды қуаттай алады, деп хабарлайды «Алтайньюс».

«Бұл орындық – қаланың көркеюіне арналған жобаның кіріспесі, яғни бастапқы нұсқасы. Оны 14 қазан күні орнаттық», - деді қалалық тұрғын үй-шаруашылық бөлімі басшысынң орынбасары Диана Шаяхметова.

Семей ақпарат орталығының мәліметінше, мұндай «ақылды» орындықтар «Семей жасыл Құрылыс» компаниясының демеушілік қаржысына қойылған. Әзірге ғажайып орындықтың біреуі ғана орнатылған. Алдағы уақытта тұрғындардың көңілінен шығып, сұраныс болып жатса, қала көшелерінде, алаң-саябақтарда да пайда болады.

Бұл мәселе қала әкімдігі көлемінде талқыланып шешілетін болады. Семей тұрғындары жаңа тартуды жақсы қабылдағанымен, бұл «ақылды» орындықтарды бұзақылардан кімнің қорғайтыны белгісіз.