$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 21:13
Қоғам

Еліміз бойынша 24 көтерме-тарату орталығы салынады

Бұл сақтау қоймаларының тапшылығын жоюға септігін тигізбек

Еліміз бойынша 24 көтерме-тарату орталығы салынады
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінде арнайы қоймалардың болмауы салдарынан өнімдерін ортадағы делдалдарға арзан бағада сатуға мәжбүр. Әсіресе қияр, қызанақ өсіретін оңтүстік өңірлерде бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Үкімет аталған проблеманы шешу үшін бірнеше жұмысты қолға алды. Қазіргі уақытта 7 облыста 24 көтерме-тарату орталықтарының желісін салу жұмыстары басталды. Ол жерде азық-түлік өнімдерін сақтауға, бөлшектеуге және ары қарай сатуға жағдай жасалған. Сонымен қатар, биылғы жылы Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында «Алқаптан сөреге дейін» жобасы іске асырылып жатыр. Аталған кооперациялық тізбек шаруа мен сауда орталықтарының арасындағы байланысты делдалсыз орнатуға мүмкіндік беретін жоба. Оған республикалық бюджеттен қосымша қаражаттар бөлінген болатын»- деді министр Сапархан Омаров.

Жоба оң нәтижесін беретін болса, өзге өңірлердер де осы жүйе жүзеге асырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары