Қазақстаннан Түркияға баратын әуе рейстері қысқартылды
Өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды
Әлемде эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуіне байланысты, елімізде әуе рейстеріне қатысты қайтадан бірқатар шектеулер енгізілді.
Енді Қазақстаннан Түркияға баратын әуе рейстерінің саны қысқартылады. Сондай-ақ өзге елдерге де жаңа рейстер қосылмайды. Коронавирустың таралуы бойынша екінші санаттағы елдерден келетін жолушылардың қолында тест қортындысы болуы тиіс. Анықтаманың жарамдылығы - небәрі 3 күн.
Айта кетерлігі, егер ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткен болса, жолаушы 2 күнге оқшауланады. Стационарда қажетті сынама тапсырады. Оң нәтиже көрсеткен жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келетін жолаушыларға да осындай талап қойлады. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі.