$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2020, 13:54
Қоғам

Қазақстанда АҚШ пен Канададағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін

Бұл тұрғыда АҚШ елшілігі көмектесуге дайын

Қазақстанда АҚШ пен Канададағыдай шерифтер пайда болуы мүмкін
Фото: kazpravda.kz

Ішкі істер министрлігінің кадр саясаты депаратментінің бастығы Айдар Сайтбеков Қазақстанда полицияны сервистік модельге ауыстыру аясында бірнеше пилоттық жоба қолға алынғанын айтты.

«Біз АҚШ, Ұлыбритания мен Канада сияқты мемлекеттерде кеңінен тараған шерифтер моделін зерделеп шығуды жоспарлап отырмыз. Ол жағынан АҚШ елшілігі көмектесуге дайын», - деді Сайтбеков онлайн брифингте.

Департамент басшысының айтуынша, полицияны сервистік модельге ауыстыру ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Қарағанды қаласында сынақтан өтіп жатыр. Сосын облыстық әкімдік аясында дәл сондай жоба қолға алынған.

«Бұл полицияның бәрі дәл қазір көшеге шығуы тиіс деген сөз емес. Құқық қорғаушылар полицияның көмегі қажет жерде ғана жүру керек. Шартты түрде үш орын бар. Біріншісі – қауіпсіз орын, ол жерде полицияның қажеті жоқ. Екіншісі – ішінара қауіпсіз орын, ондай жерге полиция белгілі бір уақытта, мысалы, адам көп жиналған кезде келеді. Үшіншісі – қауіпті орын, ол жерлерде құқық қорғаушылар үнемі жүруі керек», - деп түсіндірді Айдар Сайтбеков.

Серіктес жаңалықтары