$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2020, 22:27
Қоғам

Қазақстанда Кавасаки тәрізді синдромнан екі бала көз жұмды

Олардың бірі екі жаста болса, екіншісі 15 жаста

Қазақстанда Кавасаки тәрізді синдромнан екі бала көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы мен Нұр-Сұлтанда мультижүйелі қабыну синдромынан екі бала көз жұмды. Олардың бірі екі жаста болса, екіншісі 15 жаста. Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрайымы Риза Боранбаева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Балалар мен жасөспірімдердегі мультижүйелі қабыну синдромы – бұл COVID-19 инфекциясынан кейінгі иммунологиялық құбылыс. Бүгінгі таңда республикада балалар арасында COVID-19-бен ассоциацияланған мультижүйелі қабыну синдромының 41 жағдайы анықталды, оның ішінде 37 бала қолайлы нәтижемен емделіп шығарылды, екеуі көпбейінді балалар ауруханаларында емделуде. 2 өлім жағдайы тіркелді», - деді Риза Боранбаева.

Оның айтуынша, Алматыда 15 жастағы балада созылмалы ілеспелі ауруы болған. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы екі жасар бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жатқызылып, бір ай комада болған.

Серіктес жаңалықтары