$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2020, 02:20
Қоғам

Ақтөбе іргесіндегі саяжай тұрғындары аялдамаға дейін 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр

Ал қоғамдық көлік тек жаз мезгілінде қатынайды

Ақтөбе іргесіндегі саяжай тұрғындары аялдамаға дейін 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр
Фото: 24.kz

Мыңдаған тұрғыны бар Келешек ауданына қоғамдық көлік тек жаз мезгілінде қатынайды. Маусымдық автобус көктемге дейін жүруін тоқтатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Келешек елдімекені маңындағы саяжайларда жыл бойы мекендейтін тұрғындар саны мыңнан асады. Соған қарамастан қоғамдық көлік елдімекеннің ішіне тек мамыр және қазан айлары аралығында ғана бас сұғады. Өзге уақытта тұрғындар төрт шақырымға жуық жаяу жүріп, орталық жолдың бойына шығуға мәжбүр.

Қаланың іргесіндегі саяжай тұрғындарының бұл жайынан жергілікті шенеуніктер хабардар. Алайда жақын күндері бұл бағытта қоғамдық көліктің тұрақты түрде жүрмейтіндігін жеткізді. Алдымен жүздеген түтіні бар аудан жолдарына асфальт төселуі тиіс.

«Қоғамдық көліктерді магистральдік жолдармен жүргізуге міндеттіміз. Өйткені қазір Келешек елді мекенінде ішкі жолдарында асфальт жабындысы төселмеген. Сол себептен де біз қоғамдық көлікті Келешек елдімекенінің ішіне кіргізе алмаймыз. Алдағы уақытта асфальт жабындысы төселгеннен кейін ғана 19 бағыт автобусының қозғалыс сызбасын өзгерту жұмыстары жүргізіледі», - деді қалалық ТҮКШ бөлімі секторының жетекші маманы Жайық Қодаш.

Серіктес жаңалықтары