$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2020, 11:39
Қоғам

Елімізде 8 мыңнан астам педагог маман тапшы

Педагогикалық сала бойынша білім алған түлектердің көбі ауылды жерлерге барудан бас тартады

Елімізде 8 мыңнан астам педагог маман тапшы
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина Білім және ғылым министрлігіне еліміздегі мемлекеттік балабақшалар мен мектептердегі медициналық мамандар мен педагогтардың тапшылығы жөнінде сауал жолдады.

«Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектер жекеменшік және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеулері тиіс. Бұл орайда бүгінгі күнннің басты проблемасы – медициналық мамандар мен педагогика бағытындағы кадрлар тапшылығы мәселесі шешіле ме?» - деді Айгүл Нұркина.

Білім және ғылым вице-министрі жыл сайын оқу жылының соңында аталған мәселеге қатысты мониторинг жүргізілетінін айтты.

«Биыл 8 мыңнан астам педагог маманның тапшылығы анықталды. Жаңа оқу жылында мектептерге 10 мыңнан аса жас педагог келді. Олардың 5 мыңға жуығы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алғандар» - деді Шолпан Каринова.

Жалпы, биыл педагогикалық сала бойынша ақылы бөлімде білім алған түлектер саны 42 мыңнан асады. Алайда олар ауылды жерлерге барудан бас тартады. Жалақы мен оқу сағаттарының аздығы осы мәселенің негізгі себептеріне айналып отыр.

Ағымдағы жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары